Posted in

ЖАЛЫН АТТЫ

Тұла бойын кернеген сезім күш-жігерін тасытты, жүзі жайнады. ~ Жалын атқан еріндер бір-бірінен бал алып, бал берісіп жатқанда, тесірейе қараудан қаймыққан жартыкеш ай бір үзім қоңыр бұлттың тасасына кіріп жасырына қалады. Б.Соқп. ~ Жанары ұшқын шашып, оттай жайнаған, тілі орамды, ойы айқын, тұла бойы жалын атып тұрған жігіттің тегін жан емес екенін сезеді де, қырағы қыр қыраны оны қалмақтарды барлауға ерте кетеді. С.Ақт. ~ Жалын атып жанармын да балқырмын, Көңілдердің көктемінде шалқырмын. Кетермін мен Алатауға арқалап, Осынау қалпын меймандос бұл халқымның. М.Айт.