Алдамшы, баянсыз, тұрлаусыз өмір. ~ Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. Абай. * Бiрақ бұл жолы осынау жалған дүние iшiнде, елсiз дала арасында, жалғыз ауыл қалған – өзiнiң кiшкене аулы. Ондағы кiшкене балаларын, жалғыз жас жарын, аяулы, көрiктi жарын, Абай үлкен бiр жанашырмен сағынып, аяп, еске алады. М.Әу. ~ «Осы үйден шәйіт кеткен Орақ деген құлыңа рахымыңды түсір, иманын бер, жалған дүниеде аз жасады, шын дүниеде шет қақпа, Алла», – дегендей еді. Ш.Мұрт. ~ Иматайға бәрі бірдей, бәріне де суыған көңілі бұл жалған дүниенің ендігі оңған парқын жаңа түсініп, баз кешкен қалыпта, үн түнсіз келінінің жетегіне еріп келе жатты. К.Өтж.
