Posted in

ЖАЛҒАН НАМЫС

Жақсы мен жаманды айыра алмай, жалған құндылық үшін күйіп-пісу; жөнсіз намыстану. ~ Бірақ дәл бұл жолы жалған намыс дегенді айтып, ағайынның обалына қалғалы отырған Тәкежанға болыспасын! М.Әу. ~ Жарайды, жалған намыс, жартымсыз тiрлiктi күйттеймiн деп жүрiп, шоқпарын аңдаусыз сiлтеген содырды қазiр алдырып, алдарыңда жоқтауын асыртайық. К.Сег. ~ Маған жалған намыстың керегі жоқ, Машанов жолдас. Мен шамам келгенше шындық жағындамын. Қ.Жұм. ~ Шайтан азғырды ма, жалған намыс буды ма, Көктұйғынды Ақмырзаның үйірімен қоса айдап кеттім. С.См. ~ Ауырлықты елемейтіндей, ер мінезді, жардай жігіт екенсің. Бірақ жалған намыс- қасиет емес, арды сақтаған қасиет. Т.Рыск. ~ Жалған намыс… Жалған намыс өз бойында да жатқанын, жасырын жатқанын ұғынды, ұғынған сәтте өз-өзінен шошыды. Д.Исаб.