Түгін қалдырмады, тып-типыл қылды. ~ Жаулық жан алқымынан алып жал-құйрығын күзеп жатса да, жарық әлемнің жалауын қолдан түсірмейтін қуаттың қайнар көзін көрсетіңдерші, қане… Н.Дәут. * Әдебиет қандай болуы керек, жазушы қандай болуы керек, шығарма қандай болуы керек, оқырман қандай болуы керек, кітапты қалай оқу керек, кімнің кітабын бұрын оқу керек, кімнің кітабын мүлде оқымау керек?.. деген мәселелерді иіріп қойып, жал-құйрығын күзеді бағана! Ғ.Қаб. * … көне шежiре мен хисса айтып отыратын қордалы көкiрек қариясы жоқ бүгiнгi ұрпақ көр соқыр. Өткенi мен кеткенiн жал-құйрығы күзелген жалған «тарих» арқылы танып-бiледi. Т.Сәу. * Ылдиға қарай ентелей құлаған көштің бір бүйірінен, жал-құйрығы күзеулі тайға мінген, екі бүйірін таянып алып, «Елім-ай» әнін салған он төрт-он бес жасар қара торы қыз бала көрінді. І.Ес.
