Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫН (ШОРТ) ТҮЙДІ

Ұзақ жолға, үлкен іске дайындалды д.м. * Қара қасқа ат бек мініп, Жал-құйрығын шорт түйіп, Бурадайын түксиіп,
Қарт қабандай бүкшиіп, Көк кептер, менің жолдасым Көз жасымды исейші! С.Тор. * Өзгеден сәл үздіктеу келе жатқан, жал-құйрығын түйіп тастаған күрең қасқа жүйрік ат мінген, үстінде аң аулауға деп арнап тіккен шолақ сауыт, зерлі күміс дулығасы бар Әбілқайыр ханның өзі. Соңынан ергендері үзеңгілес батыр нөкерлері. Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген. Аттарының бәрі жал-құйрығын түйіп тастаған, ауыздығымен алысқан жүйріктер. І.Ес. * Бұлардың мінгендері жал-құйрығы түйілген қамыс құлақ, бөкен сан жүйрік, не болмаса құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. І.Ес.