Posted in

ЖАМАНАТ ХАБАР

Әлдебір жамандық, елдің (біреудің) басына түскен бақытсыздық туралы жеткен мағлұмат, сыбыс. ~ …бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй- іші үрпиісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп қорқып қалады. Б.Мом. ~ Өстіп отырып, үйге де жеттiм-ау! Өлермен адам секiлдiмiн. Бейнебiр сенiң жақсылық емес, жаманат хабарыңды естiген адам секiлдiмiн… Қараңғылық түскен болатын. Тағы да айқайлағым келдi. Д.Рам. ~ Дүние-ғалам жаралғаннан бастап, осы күнге дейінгі болып жатқан хикметтердің бәрі де “Алла ісі, Алла бұйрығы-дүр” деп айтты. Хансұлудың бір ұққаны әкесі жәрмеңкеден жаманат хабар әкеле жатыр екен. С.Ел.