Posted in

ЖАМАННЫҢ АҚЫЛЫ ТҮСТЕН КЕЙІН КІРЕДІ

Дер кезінде ойлануға, дұрыс шешім қабылдауға өресі жетпейтін адамға қарата айтылады. ~ Біраздан кейін бұларды қуып жетті. Ол Шынаргүлді уәжден жығып келгенін айтып еді. Ноғайқұл: – «Жаманның ақылы түстен кейін келеді! » – деп жақтырмай қалды. Т.Әл. ~ Жаманның ақылы түстен кейін кіреді дегендей екі әйелдің есі енді кіріп аялдамадан кейін қайтты. С.Досж.