Posted in

ЖАМАНЫН ЖАСЫРЫП, ЖАҚСЫСЫН АСЫРЫП

Абыройын сақтады, кемшілігін көрсетпей, жақсы қасиеттерін көпке жайды. ~ Шалғай ауылда жаманымызды жасырып, жақсымызды асырып жайбарақат жатқан ел едік. Мына директор келді де тынышымызды алып, апшымызды қуырып барады. Б.Тоғ. ~ Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. БАҚ. ~ Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз. Екеуіңіздің араларыңыздағы сырды ешкімге, тіпті «ең жақын» құрбыңызға да айтпаңыз. Жарыңыздың жаманын жасырып, жақсысын асырып отырыңыз. БАҚ (“Жарар”).