Әлдебір жағымсыз ісімен көзге түсті, танымал болды. ~ Бадырақтай егін сала алғаны да сирек болды, шөп шаппады, жалғыз аттары жауыр, лоңқа болып өлді. Міне, осындайлардың жаман атағы шығып, «батырақтар жалпағынан жалқау, маңдайына жазбаған соң мандымады» деген сөзге жолықты. І.Жанс. ~ … адамдар мен аңшыларға шабуыл жасап, паршалап тастағаны туралы орманның жаман атағы бұрыннан мәлім еді. С.Досан. ~ Севильядағы Компас, Сеговиядағы Асогехо, Валенсиядағы Оливера, Гранададағы Рондилья – ұры-қары, шулер және басқа да оңай олжаға әуес алаяқтар көптеп жиналатындығымен жаман аты шыққан қала шетіндегі аудандар. Серв.
