Posted in

ЖАМАН АТТЫ БОЛДЫ (АТҚА ҚАЛДЫ)

Абыройына кір келтірді; елдің өсегіне қалды. ~ Жазығы жоқ Алшынбай қызын Күнекең ренжіте алмайды. Алшынбайдан кетісем демесе, саған рұқсат етпейді. Қуандық қайын жұртына жаман атты болады. М.Әу. ~ Апа, енді мен үшін жаман атты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір … М.Дул. ~ Сақал-шашың аппақ қудай болғанда өз балаңнан көрдің-ау көресіні. Мазақ қып кетті-ау. Жаман атқа қалғаның ғой бұл… Ш.Айт.