Жанын сала қимылдады, өршеленді. ~ Үш-төрт айналыстағы кейін топ-топқа бөлшектеніп, бесінші айналыста біразы жарыстан шығып қалды. Бәйгеге ілінбесі көзі жеткен саяткерлер деңгейге келгенде жандай шауып, өз қосқандарын жыра шығарып әкетіп жатты. Т.Әл. ~ Әрбір жаңа келген жасыл ызалана: «Бұлардың бәріне не жоқ? Баяғы бір көрсеқызарлық. Қайран қазағым- ай, жандай шауып, құйысқанга қыстырылуың қалмайды- ау. Түсем, түспейімді білмейді»,— дейді күбірлей. М.Сүн. ~ Үндемес Үрімнің сарала- салпы етек болып, түн жарымына дейін сылбыр қимылымен тындыратыны – бір күбі толы бозаны баптау. Бошық кемпір Ырысхан да мыңқ- мыңқ етіп жандай шабады. Т.Рыск. ~ Аңдыған жау алмай қоймайды, шырағым. Сенің із -өкшеңе түскендерді кездестіріп келдім. Қазақ пен қалмақ та жүр орысқа жандай шауып. Т.Рыск.
