Posted in

ЖАНДЫ АЛДЫ

Дегбірсізденіп, мазаны алды, асықтырды. ~ Андағың, тулақ салсаң да, ендiгi пiсетiндей болды емес пе! – Жанды алмай қоя тұршы, бәтiрекесi. Iшiне түс дейсiң бе, көмiрi құрғыр бықсып жанбай жатса қайтем! Т.Сәу. ~ Шәуәли келе жатыр. Жүрісі суыт. Көп отырмайды. Шайыңды қой, қазаныңды көтер, – дейді. – Жанды алмай қоя тұршы. От алып жүрмеген шығар. Келген соң да үлгіреміз ғой! Т.Сәу.

Түбіне жетті, өмірін қиды. ~ «Бұл енді не ішеді? Жанды алғаны аздай бұл шұнақ құдай малға да ауыз салайын дегені ме?» Қ.Түм.