Жан-тәнімен сүйді, ардақ тұтты. ~ Қазір ең керек кісі — осы дұшпаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы әзір неғайбіл, егер жазылса, бұл- дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Шәк. ~ Семинария шәкірттері жас Милославты жанындай жақсы көрді. Тату- тәтті, бір кісінің баласындай тұрып жатты. «Зиялылар» аз еді, олардан бойын аулақ ұстаушы еді. Ж.Айм. ~ Қанды көз Мамет Сақып Жамалды жанындай жақсы көруші еді. Ж.Айм. * Бұл жігіт заңды мойындап қана қоймайды, заңды жанындай жақсы көреді деп ойлады Бәйтен Нұрбектің жүзіне тесіле қарап. Т.Әбд. ~ Тоқта, қос құлыншағым, менiң қос қанатым ше?! Өзгелердiң бәрi бұл күнi безiнсе де, олар, менi жанындай жақсы көретiн қос құлыным қимайды ғой. Ж.Шағ. ~ Өз әке-шешесі тату-тәтті тұратын, екеуі бірдей Раушанды жанындай жақсы көретін. Т.Ахт.
