“Өлгің келмесе” д.м.; қорқытып-үркіту үшін айтылатын сөз.
~ Атаңа нəлет, су пері! Сумаңдаған қу пері! Қол- аяқты улаған Тиген жері у пері! Жаның барда кет пері! Жер түбіне жет пері! Ж.Айм.~ I қатын (қашып, ұрысқан боп). Ойбай-ау, мынау әлгі батыры ғой! II қатын Бетіне жан шыдатпас кәпірі ғой.I Жігіт Қаш, ойбай, жаның барда, жөніңді тап. М.Әу. ~ Қалай екен, қалтырадың ба, қоян жүрек сұмырай! Шық бермен деймін, жаның барда шық бермен. Естіп тұрмысың, ей сен. Б.Мом. ~ Әкөн тағы соға ма деп күткен, бірақ ол: — Өлімтік!.. – деді алқынып. — Қаныңды ішем… Жаның барында “бараныңды” бауызда! Болмаса балтамен басын шап! А.Алт.
