Безек қақты, жан ұшырды. ~ Жанын аузына тістеп жүріп алған, өзінің жолында жанын құрбан қылуға шыдаған сүйген жары Мария тұңғыш босанғалы жатқанда қасында да бола алмай, … ессіз далада жапа-жалғыз жүрегі дүрсілдеп отыр. Шәк. ~ Міне, осы хабарды есітіп, қайта жүрген Әділдің кәрі шешесі жанына өлшеген жалғызынан өмірлік күдерін үзіп, жанын аузына тістеп қосылған жарына Мария тым болмаса енді бір көріп, қоштаса алмай қайтқанда, не жаймен қайтты ғой дейсіздер?.. Шәк. ~ Абай Баркөлге алғаш келгенде оған қалай бас ұрғандықтарын, кейін одан құтыла алмай жанын аузына тістеп қашқанын ұмытып қалған бұл топ сонысын қайталады. Ж.Шәк. ~ Өз қателігін тым кеш түсінген Әмірсана Қытайға қарсы шыққан. Ақыры қуғынға ұшырады. Жанын аузына тістеп қашып Абылай хан ордасына жетеді. Р.От.
