Қысты, қорқытып-үркітті, қоқан-лоққы жасады, жанын көзіне көрсетті. ~ … “сен помиляң Байкөбеков екенін ұмытып, Жанкөбековтерге ішің бұрады! ” деп кебісті кәмөнестер жанын жағасынан алғанда Құмарханның көзі атыздай болып екі оттың ортасында табағы түскен шабақтай шоршыды. Қ.Ысқ. ~ Өзінің онсыз да ойран-топыры шығып, «ойбай-ау, ойбайдан» басқаға тілі келмей жүрген Сары кемпірдің жанын жағасынан алып … Ғ.Қаб. ~ Аман досының жанын жағасынан алып жатқан Маймуша, одан қырып тастардай қабағын түйіп алып, әлсін-әлі ернін шүйіріп хат жазып отырған Аман бала көз алдына елестеп еді, шыдамады … М.Қаб.
