Өзін-өзі қинады, тыным таппады, безек қақты. ~ Қандастарымыз кейде өзара әлдебір іске налығанда ерме, елікпе, желікпе, оңғақ, бедерсіз халықпыз деп, жанын жұлып жегендей күйініп жатады. Батырып айтсам, намысы оянар дейтіннен болуы керек. Ж.Аяз. ~ Бәрі де бас шұлғып, мақұлдағандарымен бәрі бірдей бұл уәжге сенген жоқ. Есқұл болса, өз сұрағымен жанын жұлып жеген: Япыр-ау, сонда қалай? Н.Дәу. ~ Жарғақ құлағым жастыққа тимей жанымды жұлып жедім. Біреуді алдадым, біреуден алдандым. Алыстым-жұлыстым. Жаным азды, тәнім тозды. Т.Сәу.
