Posted in

ЖАНЫН КҮЙДІРДІ

Жан ауыртар сезім өзегі өртеп, қапа қылды, ашуын келтірді, кектендірді. ~ Көмбеге таяу қалғанда тап берген мына пәле Дарқанның тауын шағып, намысқой сезім қопарылысы жанын күйдіріп барады. Т.Рыск. ~ Мырзалин көп артық сөйлемейтін жігіт еді, жол бойы көргендері жанын күйдіріп жіберді білем.— Сенің күлкің түзу екен, біз күле алмаймыз! Б.Қыд. ~ Әрине, Жаннат кітапты сол күні бастады. Оқыған сайын романға құмарлана түсті. Томиристың Арпардависқа деген опасыздығы жанын күйдірді. І.Ес. ~ Осындай күйге ұшыраған Келдібек кешегі жанын күйдірген махаббатын да, өзін көтеруге жәрдемдескен әмірлерді де ұмытты. І.Ес.