Жігерін құм қылып, көкірегіне шер байлады, өзегін тырнады. ~ Адам ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр қасірет пен жалғыздық сезім баланың жанын күйзелтті. Бас ауған жаққа қарай қаша жөнелгісі келеді. Ш.Айт. ~ Тағы да сол жалғыздық дерті жанын күйзелтіп, «тым болмаса, басыма түскен қайғы-қасіретімді бөлісетін адам бар ма?» деп ойлады ішінен. Т.Әбд. ~ Бұрынғыдай төңіректе үй болса, «апалап» біреулері жүгіріп келіп, көмектесер ме еді, алапес болған жандарша жалғыз үй қалған мына отырыс жігерін құм қылып, жанын күйзелтті. Т.Әбд.
