Қара басының қамынан аса алмады. ~ Бас – басыңа би болып, әркім өз жанын күйттемей, кейде бір адамның шылбырынан тартып, топтан оздыру деген болады… Қ.Жұм. ~ Мал бағып, жан күйттеу, бейбіт тұрмыс қаракеттеу жақсы ғой. Бірақ оны бізге кім берген? С.См. ~ Ал жеме- жемге келгенде бүгін атқарылатын шаруалар қабаттасып алқымға тірелгенде, әлгі адами пәлсапаң әдіре қалады да, бәріне үлгеру үшін Тастыбай қос өкпесін қолына алып дедек қағар еді. Жан күйттеуге де, шипажайға баруға да мұршасы жоқ. Қ.Жиен.
