Posted in

ЖАНЫ МҰРНЫНЫҢ ҰШЫНА ЖЕТТІ (КЕЛДІ)

Есі кетті, не істерін білмей абдырды, қатты састы. ~ Бақай-бақайларын аралап, бірде тас төбесіне келіп соғылды. Енді, міне, дызылдауық жан, мұрнының ұшына жетті. Е.Зейіп. ~ Төбесінен арқан байлап ұяға түспек. Бұның бәрі түк емес екен. Ұяға түсіп, балапанды алардағы жаны мұрнының ұшына келген сәтті айтсаңшы! Ойына түссе, қазірде денесі түршігіп, зәресі ұшады… Т.Мәм. ~ Бұл жолы да әр дыбысқа құлағын тігіп, секем алып келе жатқан. Кенет «а–а–а» деп бақырған бір дыбыс дәл көңнің ішінен шыққандай болып, жаны мұрнының ұшына келген Қамидолла ойбайлап кейін қашты. Т.Әбд. ~ Ақтайқардың аппақ денесiн қара батпақ шым-шымдап сорып барады, сорып барады. Саяттың жаны мұрнының ұшына келдi. О.Елс.

Қатты қобалжып, жан ұшырды. ~ Құлақ төсей тыңдап тұрған кеп тұс-тұстан дауыс көтерді:
«Бәсе, бәсе!», «Құдай біледі жаны мұрнының ұшында!», «Күндіз тығылып, түнде шабуыл
жасаймыз!», «Қалың жылқыны алға сала келіп, қоян ба қолтық аралассақ, тәуекел!».. деп
азаматтар гу-гу етеді. Ғ.Мұст. ~ Кенет «а–а–а» деп бақырған бір дыбыс дәл көңнің ішінен
шыққандай болып, жаны мұрнының ұшына келген Қамидолла ойбайлап кейін қашты.
Т.Әбд. ~ Әбжал тілін қыршып алды. “Япыр-ай, мені құдай атып тұрма! деп жалғыз сәтте
жаны мұрнының ұшына келген.” Н.Дәут. ~ Староста бейшара жаны мұрнының ұшына келіп
Бекеничке жүгірген. Аға деді, көке деді. Бекеничтің беті бері қарағандай болған. Т.Сәу.