Жанын пида қылды. ~ Сөйтіп, жақын жерден жан ашыр табылып тамағым сыйлы, жаным жайлы болған соң Үсейін шаруасын жапыра істеп жанымды ортаға салып жібердім білем, қырмандағы қыруар астықты жауын-шашынға ұрындырмай бастырып алып, қалаға қайта көшіп келдік… І.Жанс. ~ Ағайын бірін–бірі талап жеп, таласып жеп, сүйісудің орнына шайнасып, қалай өсіп, өнеді? Қызыл көз арлан да, тағы хайуан да өз нәсілі үшін жанын ортаға салмайтын ба еді? Не жетпейді бұл халыққа? М.Әбдіх. ~ Жаны ашып Кенжекейге тұрды орнынан, Патшаны жек көретін ол бұрыннан. Ақиқат үшін жанын ортаға сап, Жауыздың қорықпады зорлығынан. БС. “Кенжекейдің кешірмесі”.
