Аянып қалмады; бар ынтасын салды, ынта-шынтымен аянбай істеді. Бар күшін салды. ~ Қазір соңынан ерген елу мың шаңырақтың үстіне, ертең тағы елу мың тіпті жүз, жүз елу мың шаңырақтың қосылуы кәміл… Ал дұрыс шеше алмаса былтырдан бері жанын салып жинаған жұртының көз алдында үмітін ақтамағаны… І.Ес. ~ Сол кезде ол ең талантты актрисалар қатарында саналатын, оның рольдері де елдің аузында. Ия, ол рольдеріне өзінің жанын салушы еді. Ж.Шам. ~ Жол көрсетіп, қолға су құйып, дастарқан жайып, осы үйдің бар шаруасына жанын сала кірісіп жүр. Ж.Аяз. ~ Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. Абай. ~ Бәйтен мектеп оқушылары мен ауыл комсомолдарының біріккен ойын–сауығын дайындауға жанын сала кіріскен. Т.Әбд. ~ Мәселе дәл сонда болып тұр, — деді, қашан болса да сөйлеуге тықыршый асығып, сөйлеген сөзіне қашан да жанын сала кіріскен кісідей көрінетін Песцов, сөзді күжілдей киіп әкетіп, — дамудың, жоғары сатысы деп нені айтуымыз керек? Л.Толс. ~ Қорған купецтерінің жиырма пұтын арқалап та көргем, бұл өзіміздің бидай ғой, салсаң, сал! — Көтерсе көтерер, — дейді көлденең біреулер, — бұрын да жанын сала қимылдайтын еді, енді, Мәскеуге баратын болғасын не күшін аясын. С.Мұқ.
