Қауіп-қатерге жанын тікті, тәуекелге бел буды. ~ Қазақтың толарсақтан қан кешкен қиын күндерінде олар елі үшін жанын шүберекке түйіп, жаумен бетпе-бет жекпе-жекке шығып бүгінгі үланқайыр даламыздың тұтастығын сақтап қалды. Т.Кәк. ~ Жандарын шүберекке түйіп, үкімет қаһарынан қорықпай кейбір адамдар үрейлі кітаптарды үйлерінде ұстады. Р.Нұрғ. * Жанын шүберекке түйіп, әсіресе, сүйіктісінің алдында бар өнерін паш етуге тырысқан Ақеділ шүмектеп аққан самай терін сүртіп, сахнадан түседі бір кезде. Қ. Жиен. ~ Тошайын қыз заманында жұрттан асқан сұлу еді. Қиғаш көзін төңкеріп қарағаны еркек кіндіктінің жанын шүберекке түйіп көбелекке айналдырып, өпектетіп жіберетін. Ескі сөздің иелері солай дейтін. Д.Дос. ~ Ана деген бала үшін жанын шүберекке түйіп, күндіз түні тілеуін тілеп жабығатын жалғыз адам ғой, сондықтан ол қайда жүрсеңде алаңдап байыз таппайды. А.Әлт. ~ Жаны қысылған адамға жасалған жақсылықтың қайтарымы болады дегенге сенбейтін жанмын. Сенің жақсылығыңның, жаман Құрдасың үшін жаныңды шүберекке түйіп, ерлік жасағаныңның бодауын қайтара алмаспын. К.Сег. ~ Қаншама жыл зар болып, жүре-жүре әйтеуір қапысын тауып әрең қашып шығып, жанын шүберекке түйіп, екі өкпесін қолына ұстап қаншама күндер бойы жаяу-жалпы су кешіп, тау кезіп, аш-жалаңаш, үсті-басын бұта-бүрген жыртып, табанын тас тіліп жүріп, сол ынтызар арманыма жеттім бе, жетпедім бе дегенде жаны жарға, тұмсығы тасқа соғылып енді қайтадан қайтарылып кетіп бара жатқан кейпі мынау, бұл зарламаса кім зарласын-ай!. Ш.Рах.
