Жанын қинады, зар жылады. ~ Серіге көл күрсініп көңіл айтты. Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар, Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар. І.Жанс. ~ Менің күйеуіммен «ойнап-күліпті» деулері сөз емес, «Қымызды кім ішпейді, қызбен кім ойнамайды» дегендей ойнап-күлген қыз-бозбала суға кете берсе, дүниеде жан қалмас. Кете берсін. «Өлгеннің жанын ұрады, тірісі несін құрайды» дегендей, одан ешкімнің ештеңесі де құрымайды. С.Мұқ.
