Ажалы тақап қалды. ~ Жаны алқымға келіп, тынысы тарылғанмен, жан ашуынан құлағы шыңылдағанмен, Қарымсақ
Сырбайдың «болсын!» Деген сөзін жақсы естіді де және растығына сенді де; өйткені, кіршіксіз жүректен айтқандығына куә боп, көзінде мөлтілдеген жастар тұрды. С.Мұқ. ~ Жасырып келген сырын Біжікен шешесіне жарық дүниеден үміті үзіліп, жаны алқымға келгенде ғана айтып кетті … Ғ.Мүс. ~ Тек булыққан қайран жаны алқымына келiп сығымдалып, айналмасы асқынған тұсақтай сереңдей шоршып, гүрс етiп құлайды. Ә.Ыб. ~ Егер Алдарды қолға түсіріп, қинауға салғанда, жаны алқымға келген ол мына бай мен молдаға бұлардың шайтан екенін айтып қойса не болмақ? П.Дүйс. ~ Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, барлық ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп… М.Жұм. ~ Көкпардан гөрі басының амандығын күйттеген қандай мықты да есі ауып кетпесе, жаны алқымға таяған осындай қысылшаңда көкпарды жібере салатын. Б.Ыб.
