Тату-тәтті өмір сүріп жатқан көршілер туралы. ~ Бұл бұрын «Ылыя», «Талпын» деген қойындас жатқан шарқы шағын екі колхоз еді. Жаны аралас, қойы қоралас дегендей, көршінің ішіндегі татуы да солар болатын. С.Шай. ~ Осы әңгімеге арқау еткелі отырған кейіпкерім ақын, жорналшы, қоғам қайраткері Жарасбай Нұрқанов ағамыз да, міне, тап осы өңірдің тумасы. Жаны аралас, қойы қоралас, қатар қонған қос ауыл Көктерек пен Ленин елді мекені бүгінде Кеңес Одағының батыры атанған жерлесіміз Ысқақ Ыбыраев атындағы шаруа қожалығының төңірегіне топтасқан. Ш.Малд.
