Біреуге деген ерекше көңіл, ықылас хақында. ~ Қаладан бұрын Қанатты көргісі келді-ау деймін. Қанат десе жаны бөлек, ішкен асын жерге қояды… Н.Сер. ~ Сосын, сосын (расында сорлымын-ау осы мен Сен түсінші тым болмаса, жаны бөлек досым ең) Өткендерді еске алудан, ойланудан шаршаймын, Қалжыраймын, төсегімде дымым құрып көсілем. Ф.Оңғ. ~ Бұл адам ба, Бұл адам алып ерек! Талықсысаң береді тағы көмек. Асты-үстіне түседі бәйек болып Сырқаттардан шықпаған жаны бөлек. А.Ерш.
