Posted in

ЖАНЫ ЕЛЖІРЕДІ

Жүрегіне жылы сезім ұялады; көңілі балқып кетті. Көңілі мейірленді. ~ Бала қалпы кетпеген балғын жастың қопал жүріс-тұрысы, гүлге елігіп, жаны елжіреп, сары майдай толықсып тұрған сыпайы мінезі көңіліне жағып кетті. С.Ом. ~ Шағи Шеризаттың келіншегі еді. Басқа туыс-қиыстығы болмаса да, ағалап келіп мойнына оратылған келіннің бауырмалдығына жаны елжіреп, Шағиды иығынан сипалады. Ғ.Біл. ~ Бәріне кедергі келтіріп тұрған қар мен суыққа қарғыс жаудырып, екеуі жотаға баратын, түнде серуендейтін, терезелерді ашып қоятын жаз айлары жайында жаны елжірей отырып ой кешті. Ч.Пав. ~ Бүгін менің папамның туған күні,- деді ол жаны елжіреп, – папам тірі болса, 60 жасқа толатын еді. С.Ом.