Posted in

ЖАНЫ КЕУДЕСІНЕ СЫЙМАДЫ

Әлдебір сезім бойын кернеп, тыным таптырмады; жүрегі алып-ұшты. ~ Құрман қажының әкесі Кенже жай шаруа баққан момын адам болған екен. Ал Құрман бала кезінде өте мазасыз, тентек болып өсіпті. Жаны кеудесіне сыймай алып ұшып тұрады екен. Қ.Жұм. ~ Дариға – ай, сол ғажайып мол сәулелі кең дүниеден неге келдім мына қара тас төрт қабырға қыспағына деп шыбын жаны кеудесіне сыймай алас ұрады. Шымшықша шырыл қағады. С.Ел.