Posted in

ЖАНЫ КІРДІ

Рахат тапты; ләззат алды; көңілі көншіді. ~ Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап отырса, сонда оның жаны кіріп жымың-жымың етер еді. Ж.Айм. ~ Жылтырдың білмейтін хабары, естімейтін өсегі жоқ ағып тұрған: сөз екен. Аузы аузына жұқпайды. Ол сөйлеген сайын Бекболаттың аузы аңқиып, жаны кіріп барады. Ж.Айм. ~ Өзі жолығатындай, екі жастың тілеуін тілеп, «А-құдайлап!» Қартқожа отыр. Шамкеш аяғын басқан сайын, Қартқожаның жаны кіреді. Ж.Айм.
~ Айналасындағы әлі келетіндерді басып-жаншып қорлаған сайын жаны кірді. Т.Сәу.