А) Ашынды, зәрленді. ~ Ақыры жаны күйгесін «Әй, қарағым, бай десең де, басмашы десең де өзің біл. Сенің аузыңа менің қақпақ бола алмайтыным, айтқанымда сенің дұрыс қабылдамайтының белгілі. О.Көш. ~ Мария қайтіп шыдасын жаны күймей, Қайғыны үсті- үстіне қоя ма үймей. Монастырьға кетейін деп те ойлады, Өтуге өмірінше байға тимей. Шәк. ~ Ал, қорықшыны бекер жазғырасың. Бекер, Сәулетай. Әрине бейпілауыздануға болмайды. Бірақ жаны күйген адам тәңірісін де қарғайды. С.См.
Ә) Мүсіркеді, аяды, жаны ауырды. ~ Айғанша тәте алдамайды. Ашынбаса, жаны күймесе, аяp еді ол мені… Мені сондай жақсы көретін… жақсы көреді… С.См. ~ – Апыр-ай, мына иттің даусын-ай! Қанша кісі жиналғанда өлікті жаны күйіп жоқтаған жалғыз осы болды-ау,- деді Әли. Көңілшек жігіттер көзіне жас алды. Ә.Нұрп.
