Қайғы шекті, уайымға батты; қатты кейіді, нала болды. ~ Ғалияның сол бір кезеңдерді жаны күйзеле отырып еске алатыны бар. Адам итжанды болады деген рас екен. О.Көш. ~ Әсіресе Бірләнға, ауру баласын алыстағы қалаға апарып тастап, жаны күйзеліп жүрген шағында, өмірінде шын жақсы көрген жігітінің опасыздығы ерекше батқан. І.Ес. ~ Балта ойы ауырлап, жаны күйзеліп отырған жерлесінің көңілін аулауға тырысты. С.См. ~ Бір кісілік суық камерада азап шегіп, жаны күйзелген Оспан қу сүйектей қаусап қалды. С.Ом.
