Posted in

ЖАНЫ ТИЫШ (ТЫНЫШ)

Еш алаңсыз, қайғысы жоқ, қарны тоқ. ~ Бәрін қатын істейді. Еркектер ше? Олардың жаны тиыш, рахат! Ж.Айм. ~ Қызарып ашуменен күн батқанда, Ерініп, еркеленіп таң атқанда, Қарны тоқ, қайғысы жоқ, жаны тыныш Малдай¬ақ қор¬қор ұйықтап ел жатқанда. М.Жұм. ~ Малдан бездік бейнеті белшеден деп, Қойдық құдық қазуды жер шемен деп.
Жұмыс іздеп балаға сабыламыз, Жаны тыныш отырар – кеңсе жөн деп. Ф.Оңғ. ~ Шықаңның енді мұртын балта шаппайды. Жаны тыныш, жағасы бос. Қонжиып креслода құр отырғаны болмаса, шаруаны шырқ айналдырар көмекшілері жеткілікті. Т.Сәу.