Posted in

ЖАНЫ ТӘТТІ

Өлгісі жоқ, өмірін қимайды, аяншақ. ~ Рас, өзі тіленіп әтредке жазылған қазақ жігіттерінде жаужүректер болды. Ондайлар жалпы емес. Қазақтың көпшілігі езілген, қорқақ, «жаны тәтті» жұрт. Ашуланған әкесі Жұмабай жалғыз баласын пышақтап тастауы қазақ мінезіне ұйқаспайды. Ж.Айм. ~ Сол кезде көп аттының ортасында алға шықпай, тығыла шауып келе жаіқан жаны тәтті бай баласы дәл Абылғазы мен Базаралыға маңдай алды қарсы кеп қалды. М.Әу. ~ Көк жарық жансымен бұл да арғы бетке өтіп, кемпірдің ізіне түсті. «Қартайған сайын адам жаны тәтті болады деу ші еді, қатер атаулыға қас қақпаған қандай жан?» деп ой ла ды бұл. Д.Әш. ~ Ең соңғы жығылмай кеткен көкқасқа атты еді. Бар болғырдың жаны тәтті екен, қасындағы ақырғы серігі құлағанда бар даусымен шарылдап, аттандап қашты. Ж.Ахм.