Әлденеге алаңдап, қобалжыды, абыржыды, безек қақты. ~ Атылып төбе басына көтерілді. Одан төмен құлдилады. Олай- былай төңіректі кезгіледі. Жаны тырнақ ұшында. Күзетші енді бір сағаттан соң кезекшілігін ауыстырады. Қ.Жиен. ~ Ол солайы солай. Бірақ, інім, жауаптылықты сезінген бастықтың айтар болсақ жаны тырнағының ұшында жүреді. Б.Қыд. ~ Біреулер: «Көргенсіз, әкеңдей кісінің бетінен алып», — деп қызға ұрсып жатты. Біреулер «Осы күнгі адамның жаны тырнағының ұшында тұрады-ау, оның несіне кейиді, содан пиадал бола ма», — деп күбірлесті. М.Байғ. ~ Өзімнің де жалғыз ұлым бар, соның имандығын ойлағанда жаным тырнағымның ұшында тұрады. Қолымның көбесі тызылдап кетеді. Қоңқаштың да сондай балалары ғой… Б.Қыд. ~ Қайырлап қалған балықты көргенде ала көзі жылтыңдап, шыбын жаны тырнақ ұшына тірелгендей бірде төмен, бірде жоғары ұшып, шаңқылдайтын шағалаларға керегі осы! Қ.Жиен.
