Posted in

ЖАНЫ ҮЗІЛДІ

Қайтыс болды, жүріп кетті. ~ Бірақ, болмады, ынтығып күткен балаларын Злиха бауырына қыса алмады… Шанадағы Злиханың құр денесі ғана еді, жаны үзіліп кетіп еді… Б.Май. ~ Арлы– берлі бұлқынған жігіттің көзі аспанға қарап ақиланып барып жарығы сөніп, байлаулы аяғын қатты бір серіпті де жаны үзілді. Қ.Мүб. ~ Кішкентай әлсіз дененің ажалмен алысып, жанның әне-міне үзіліп кетейін деп жатқаны көрініп тұр. Т.Әс.