Posted in

ЖАНЫ ҚҰЛАЗЫДЫ

Жалғызсырап, жетімсіреді, мұң құшты. ~ Өзі биылдыққа арқар атқан емес. Жаны құлазыды; бұл пақыр Қаратаудың күнгей бетінде қалған ең соңғы арқар екенін және сезді. Атпасқа амалы қалмады. Д.Дос. ~ Боз мұнарға бөгiп шаңытқан жым-жырт кеңiстiк қоңыр кешке басын сүйеп қалғып тұр. Жаны құлазығын Сәбира әлдененi алданыш қылу ойымен қарсы алдына немқұрайлы көз салды. Т.Сәу. ~ Ол ауыл көшесінің қақ ортасымен ақырын аяңдап келе жатқанын қазір сезді; сезуі мұң- ақ екен, жалғыздығы жетім көңілділігі есіне түсіп, бір түрлі жаны құлазып сала берген, ол еріксіз төңірегінен тірек іздегендей жалтақтап қалды. М.Сүн.