Posted in

ЖАНЫ ҚҰМАР

Әлдебір іске әуес, жақсы көреді. ~ «Бай бастас, батыр құлақтас» болмай тұра ма, Қартқожа бір танауда малай боп тұрғанда, қырылдауық Иванның малайы Доғамен бастас болатын. Қазекең сөзге қандай жаны құмар, Доғаның естімейтін хабары болмайтын. Ж.Айм. ~ Күдірісте жалығу, шаршау жоқ: неғұрлым жан қинарлық жұмысқа жаны құмар. Б.Майл. ~ Соның бәрі шетінен қалжыңқой, ашық. Ойын-сауыққа жаны құмар, шетінен әнші, өлеңші боп шықты. М.Әу. ~ Егер мамандығыңды игерген жұмысшы, не оңды суретші, мүсінкер болсаң, мұның өзі қандай мақтарлық іс. Кісі жаны құмар жұмысынан айрылмауы керек. Анада шешеңнің мүсінін тастан жасағаныңда мен өте қуанып қалып едім. І.Ес. ~ Кейде бәріміз, кейде екі-үшеуіміз бас қосып қаламыз. Дауыстай оқуға жаны құмар еді. Тыңдаушылары барына мәз болып рахаттанатын… Ш.Айт.