Posted in

ЖАН АШЫР

Қамқор жан; бауырмал, ізгі ниетті, арқа сүйер жақын. ~ Жағадан алыстай берген сайын әлгі жартас жан ашыр жолдасыңдай, қия алмай ұзақ қарайды да, айдын судың енді бір бұлымында бұлаң етіп көзден тасаланады. Ш.Айт. ~ Жан ашырдың ауылы алыстап кеткен дейтін сылтауды ту ғып ұстап алғандар басқаның зарын тыңдар ма. С.См. ~ Ғибадат үстінде оларды ауыздан тастамаңдар: жасаған ием, бата қайырар жан ашыры жоқтарға да, тіпті өзіңе құлшылық еткісі келмейтін керенауларға да бірдей жар бола гөр деп тілеңдер. Ф. Дост.