Posted in

ЖАН БАЛАСЫНА БІЛДІРМЕДІ (СЕЗДІРМЕДІ)

Тірі жанға сыр шашпады. ~ … студияның түкпіріндегі анардай қызыл пердені көрді, сөйтті де, жан баласына білдірмей соның тасасына барып тығылып, бөлмеде өзін жалғыз жүргендей көрген әлдебіреуді сырттай бақылап тұрған қандай ғажап болар еді деп ойлады. Ч.Пав. ~ Әйткенмен, оның жүрегіне әмір жүргізген әйелдің болғанына, қашан да, қайда да өзін тек соған ғана тапсырып отырғанына шек келтірудің жөні жоқ; рас, ол бұны жан баласына білдірмей құпияда ұстады, өйткені ол құпияға беріктігімен аты шыққан рыцарь еді. М.Серв. ~ Пендешілікпен нәсіп– құмарлыққа берілермін деп өмірі ойлаған емес едім. Шын жігіт болсаң, осы бір әйелдік әлсіздігімді екі дүниеде жан баласына сездірмессің дейім. Өтінішім осы… М.Сүн.