Ешкімнің хабары жоқ, тірі жан білмейді. ~ Ертеде бір байдың перизаттай сұлу қызы болыпты. Аты құпия сақталады. Әке-шешесінен өзге жан баласы білмепті. Содан ай мен күңдей толысып жетіледі. Сыланып бойжетіпті. Ә.Марғ. ~ Миландық Лульидің жөні басқа болатын — оның Канеллиде немен айналысып жүргенін жан баласы білмейтін. Ч.Пав. ~ Ал, егер бәрі басқаша аяқталатын жағдайда сенің күніңді ит басына бермесін, өйткені қандай бақытсыздыққа тап болғаныңды жан баласы білмейтіні жайындағы ой саған жеңілдік әкелмейді… М.Серв.
