Күн көріс қамы.~ Сыртқы кең дүниеде нендей оқиғалар болып жатыр? Нендей оқиғалар болуға ықтимал? Тұйық пен Қарасаздың халқы бұған бас қатырмайды. Олардың бас қатыратыны күнделікті күйбең тіршілік: мал бағу, егін салу, амалдап жан бағу. Б.Соқп. ~ Шынымды айтсам, кинодағы қызметім көңілімдегідей болмады. Бұдан, қайта, журналым тәуір еді. Бірақ, жан бағу, семьяны асырау қажет. Жұрттың бәрі – ақ сол үшін жұмыс істеп жүрген жоқ па? Б.Соқп. ~ Тиесілі бар қызыметін өтегеннен соң олар да қанатынан айрылған аталық құмырсқалар келесі сейілге дейін тыныш қана жан бағуға көшеді. М.Мағ. ~ Ал мен байғұстың сенерім де, сүйенерім де жоқ, бар бәле осыдан басталады. Жан бағу керек қой: содан да сүйретіліп жүре береді екенсің, мәртебелі тақсыр. Л.Толст.
