Posted in

ЖАН ДҮНИЕ (ДҮНИЕСІ)

а) Адамның рухани болмысы, сенімі, парасат өресі, иманы.
~ Айуаннан адамның айырмашылығы оның асыл арманы, аялай білетін жан дүниесі бар емес пе… Ш.Айт. ~ Мен ақындық дегенде бірер шумақ өлеңді қиыстыратын өнерді емес, сенің жаныңның алғырлығындағы, сезіміндегі, нәзік жан дүниеңдегі ақындықты айтам. С.Дос.
ә) Адамды баураған сезім әлемі, арман-қиялы. ~ Лиризм, ойшылдық және психологизмнің ұштаса көрінуі де 60-шы, 70-ші жылдар поэзиясының еншісіне тиген жетістік. Адамның сыртқы пішінінен ішкі жан дүниесіне ену, оның сыры мен сезімін қоса қабат ашу өріс алды. Ш.Сар. ~ Ертелі онша мән бермегендей ойға кетумен отыр едім, енді ішкі жан дүнием қолдан түсіп кетіп сынған шөлмектей быт-шыт. Н.Сер.