Posted in

ЖАН ДӘРМЕН

Жанталаса, жан ұшырып жасалған әрекет. * Жан дәрменде түйенің шылбырына қолы іліккенде де бура оны әлі біраз жерге дейін сүйретіп апарып, Едіге бұйдадан жанталаса тартқанда әрең тоқтады. Ш.Айт. * Ол жан дәрмен орнынан атып тұрды да, қасында жатқан келідей тасты төмен қарай домалатып жіберді. Қ.Жұм. ~ Жан дәрмен есін жинап алып, сайға қарай бүкеңдей жөнелді. Қ.Жұм. * Қыз жан дәрменімен қарсылық етеді. Күнге тотыққан сопақша сұлу жүзі алабұртып қызарған. Д.Дос. * … үсті-үстіне топыраққа көмген қара темірдің зіл салмағынан есеңгіреп, бастары қаңғырып кеткен солдаттар жан дәрмен етіп әлі де алысып жатыр. Т.Ахт.