Posted in

ЖАН СЕРІГІ

А)Адамның көңіл қуанышына, қимас серігіне айналған мал-мүлкі не рухани құндылығы туралы. ~ Аузымен құс тістейтін даланың желаяқ жануары Ақанның тарыққанда жан серігі болып табылады. Ә.Марғ. ~ Көшпелі елдерден, “оның ішінде қазақтан шыққан атақты батырлардың жан серігі тұлпары» (ұшқыр, жүйрік, ең шыдамды мағынасында), яғни бір-бір аты болған. С.Мұқ. ~ Қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан жан серігі ән мен күй және тіл өнері екенін жоғарыда айттық. Енді осы мәселеге аздап тоқтала кетейік. С.Мұқ. ~ …бұған бататыны белгісіз бір сумаң жүрістің қырық жылдан бергі екінші үйіндей болып кеткен қойма– үңгірін тінтіп, тығулы жатқан қымбатты қазынасы – жан серігі Ақшолақ атандырған қанды ауыз мылтығын бүкіл оқ– дәрісімен қоса үптеп кеткені. К.Сег. ~ Жақсы арман еңбек сүйген адамның жан серігі, ал өзі әз адамның арманы да әз болады деуші еді, марқұм, менің ескі досым Нұркеш,— деді Сапар. Ә.Әл.
Ә). Жұбай, сүйіп қосылған жар. ~ Осы тойларды атқарғаннан кейін Баукеңнің кәртейгендегі жан серігі Кәмәш қайтыс болды. Ә.Нұрш. ~ Менің жан серігімнің мінезі бір шатақ, бабын табу қиын-ақ. Ғ.Сл.