Posted in

ЖАН СЕМІРТТІ

Жанға жайлы тиді, көңілі жайланды. ~ Ойлап қараса, Қанипа кейінгі бір жылда небір қабағат жаманшылықтарды да, жан семірткен талай ғажап жақсылықтарды да көрген екен. С.Ом. ~ Әпкем бәрінің де ықыласына риза болып, шын жүректен алғыс айтады: «Жақсы сөз жан семіртеді, құлақ құрышын қандырады, үмітіңді үдетеді, жүрекке қанат бітіреді… Сендердің жарқын жүздеріңе көз тойдырар емеспін. Б.Мом. ~ «Қазақстан-жер жүзіндегі күллі қазақтың ТАРИХИ ОТАНЫ!» Бұл-сіздер жиі айтып, жанымызды семіртіп жүрген қасиетті лебіз. Д.Мәс.