Posted in

ЖАН СЫРЫ

Адамның шетін сезімі, жүрек құпиясы. ~ Көрген түсте Әспет айтқан осы бір мөлдір сөз ұзақ жыл бойы Бағданның өз көкірегінде піскен, сөйтсе де тілге оралып дыбыс болып шықпаған, мұның өз жан сыры шығар?.. С.Шай. ~ Алыстан, өзге бір дүние түкпірінен қарады Пахраддинге. Айта алмай жатқан мол сырын, жан сырын үнсіз жанарымен паш еткісі келгендей. Соған шамасы келмей қиналғандай. С.Ел.