Posted in

ЖАН СҮЙСІНЕР (-ЛІК, СҮЙСІНДІРЕТІН, СҮЙСІНТЕР)

Көңілге шаттық пен тамсаныс сыйлап, жаныңды мерейлендіретін ғажап көрініс туралы. ~ Шеке қызар, ми қайнар түс болып қайықшылар қайығын доғарып, тамаққа кеткенде, ауыл адамдары маужырап ұйқыға батқанда, құстардың шырылы тынғанда, паромдар қаңтарылғанда, қыбырлаған жұрт тыным алғанда, дүние иесіз аңырап, жансыз алыпқа айналғанда, көктің көз жеткісіз жан сүйсінерлік көк күмбезінің астында жалғыз- ақ меңіреу жаратылыс пен меңіреу қыз қалар еді. Ж.Айм. ~ Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін сезіну тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Қаж. Жұм. ~ Шүкір, ұлтымыз өсті, өнді, өркениетке ерді. Әлемдегі отыз озықтың қатарына ұмтылудамыз. Осындайда жан сүйсінтер жақсыдан гөрі, жамандығы құрғыр етегіңе оралып, мазаңды алып бітеді. Ж.Аяз.