Posted in

ЖАН ТОЙМАС

Қыз көркіне құмарта қарау туралы. ~ Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас. Абай. ~ Сол екен есік ашса – Еренбағы, Жан тоймас қызығына бақшадағы. Оң жақта жасыл гауһар бір тақыт бар, Үстінде бір қыз жатыр сақиналы. “Нұрғаз”. ~ Ақ білек омырауын баса жатқан, Жан тоймас жамалына нұр жанғандай. Сипаты ерінінің ерекше екен, Көмекейі бүлкілдейді бал сорғандай. “Нұрғаз”.